Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.05 629.16 6.65

Абай облысының әкімі жылыту маусымына дайындықты тексерді

7-09-2023, 14:48 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының жылумен жабдықтау нысандарын аралап, жылу желілерінің жай-күйін және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Аймақ басшысы П-1-ден П-4-ке дейінгі магистральдық желіні, Селевин көшесіндегі жылу желісін, ЦТП-401 орамішілік жылу желісін, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі магистральдық учаскелеріне барды.

«Жылыту маусымы жақындап келеді, жұмыс қарқынын арттыру қажет. Жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы үшін әрқайсыңызға жеке жауапкершілік жүктелгенін тағы да еске саламын. Халық уақытында жылумен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді әкім.

Сондай-ақ, өңір басшысы тиісті бөлімдерге жергілікті жерлердегі жұмыстардың барысын үнемі тексеріп отыруды тапсырды. Жылыту маусымына дайындық облыс әкімінің жеке бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив