Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде «Дін және ұлттық дәстүрлер» тақырыбында семинар өтті

7-09-2023, 16:57 018.kz

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында Абай облысы дін мәселерін зерттеу орталығының тапсырмасы бойынша«Салауат» жастар қоғамдық бірлестігі 2023 жылдың 4 қыркүйегінде Семей қаласында құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттыру мақсатында  оқыту-семинарын өткізді. «Дін және ұлттық дәстүрлер» тақырыбында өткен семинардың алғашқы жартысына қаламыздың мектеп мұғалімдері қатысса, «Діни-қоғамдық қатынастардың құқықтық-әлеуметтік реттелу мәселелері» тақырыбында болған оқыту-семинарының екінші жартысына облысымыздың дінтанушылар өкілдері, облыстық түсіндіру тобының мүшелері, аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің мамандары мен Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қатысты.  Аталған оқыту-семинарларын сертификатталған арнайы жаттықтырушылар Alikhan Bokeikhan University, Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты  Мамырбеков Арафат Мажитұлы мен Жетісу облыстық дін істер басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы, психолог маманы, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Мутабаев Қанат Маратұлы жүргізді.

Қосымша сұрақтар бойынша мына байланыс көздері арқылы ала аласыздар: +77054655506, e-mail: moo.salauat@gmail.com, @salauat_semey, #salauatwithus.

Мекен-жайымыз: Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 21.



Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив