Абай облысына америкалық «Caterpillar Foundation» қорының өкілдері келді
Жұмыс сапары барысында «Caterpillar Foundation» қорының өкілдері атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ететін Ұлттық ядролық орталықта болды. Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесті.
Жиын барысында аймақ басшысы Абай облысының тау-кен және орман шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды. Өңірде экспорттық тұрғыда ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін бірқатар тау-кен өндіру және өңдеу кәсіпорындары бар. Сондай-ақ, аймақта термоядролық синтез саласында зерттеулер жүргізуге арналған «ТOKAMAK» жабдығы барын, ең ірі мыс кенін өндірумен айналысатын «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС орналасқанын жеткізді.
Caterpillar Foundation - әлемдегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әйгілі жаһандық қайырымдылық қоры. Қор жұмысының маңызды аспектісі адами, табиғи және негізгі қызмет көрсету салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдау болып табылады.