Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда

25-08-2023, 17:51 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мердігер ұйымдарының басшыларымен Водный кентіндегі Центральная көшесін және Степной кентіне кіреберіс жол Би Боранбай көшелеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын тексерді.
2022 жылы Водный кенті тұрғындарының сұрауымен балаларға мектепке қатынауға арнайы автобус желіге шығарылған болатын. Қазіргі таңда автобус қатынайтын Центральная көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

«Биыл қалалық әкімдік қала шетіндегі саяжайдың инфрақұрылымдық дамуына үлкен көңіл бөлуде. Біздің саяжайға автобус аялдамасын орнатып, жолдарды жөндеп жатыр. Осындай жұмыстарға қолдау білдірген облыс әкімі Нұрлан Тельманұлына және қала әкімі Нұрбол Төлегенұлына алғысымызды айтамыз»,- деді Водный кентінің тұрғыны Айгүл Қанапина.

Сондай-ақ, Би Боранбай көшесінде де жол жөндеу жұмыстары мен бордюрларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Транспорт бөлімінің бас маманы Адилбек Увасиловтың айтуынша, ескі асфальт төсемін қырып тастап, орнына жаңа асфальт жабыны төселуде.

2023 жылға жалпы ұзындығы 60 км болатын 40 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Шарт «Семей механикалық зауыты» ЖШС мердігерлік ұйымымен жасалды.Қазіргі таңда асфальттау жұмыстары А. Көшкімбаева, Жангелдин, Тұрғанбаев, Мәскеу және т.б. 30 көшеде аяқталды.

Водный кентіндегі Би Боранбай, Центральная сияқты 4 көшеде жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ базар маңындағы көшелерде борттық тастарды бөлшектеу және монтаждау, Чайковский көшесіндегі тротуарларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив