Абай облысында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жылу маусымын уақытылы бастау үшін құзырлы органдарға алдағы жылу жүйлелерін қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Бұл жұмыстар аудан, қала деңгейінде қатаң бақылауға алынды.
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Семей қаласындағы қазандықтары мен жылу желілерін жөндеу жұмыстарын тексерді. Әкім орынбасары «Орталық» және «Ғаббасов» қазандықтарын, сондай-ақ аула және магистральдық жылу желілерін аралады.
«Бүгінгі таңда Ғаббасов қазандығындағы жағдай өте күрделі. Қазір жұмыс істеп тұрған үш қазандықты уақытылы іске қосу үлкен мәселеле. Әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін жаңадан салынған төртінші қазандықты қазан айының біріне дейін қосуымыз қажет. Жұмыс қарқынын арттыру керек», - деді Димитрий Гариков.
Облыс әкімінің орынбасары тексеру барысында анықталған кемшіліктерді 15 қыркүйекке дейін қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Бұдан бөлек жақын арада қайта тексеру жүргізетінін ескертті.
Жылу беру маусымына дайындық барысы Абай облысының барлық аудан және қалаларында қарқынды жүзеге асылырып жатыр.
Айта кетсек, жылыту маусымына дайындық Абай облысы әкімдігінің қатаң бақылауында.