Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сібір жарасы анықталған жоқ

22-09-2023, 16:17 Еркежан Қуатқызы

Қазіргі таңда Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Науқастың жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты. Дәрігерлердің қайта консилиумы өтіп, келесі нәтижелер алынды:

Сібір жарасына ПТР нәтижесі: қан, жараның беткі қабаты, жара сұйығы – анықталған жоқ.

ПГР серологиялық зерттеу нәтижесі: сібір жарасы, күйдіргі, листериоз, пастереллез – анықталған жоқ.

Сібір жарасына ПТР нәтижесі: жараның беткі қабаты, сол бетіндегі жараның сұйығы, қан, жара қабыршығының құрамы - анықталған жоқ.

Сібір жарасына бактериологиялық зерттеу нәтижесі: жара сұйығы, ойық жара, жараның беткі қабаты, қан – анықталған жоқ.

Жетіжар ауылында (ауыл және шаруа қожалықтар) міндетті түрде термометрия жүргізіліп, күн сайын барлық мал басы клиникалық түрде тексеріліп жатыр. Бүгінде ауру жануар анықталған жоқ. «Бесқарағай-вет» мемлекеттік кәсіпорнының мамандары залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив