Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысында жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауда

23-09-2023, 16:30 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүйелі жүзеге асып жатыр. Бүгінде жөндеу жұмыстарының 85%-ы орындалып, барлығын 30 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен және мәслихат депутаттарымен бірге Семей қаласының қазандықтарын, магистральдық жылу желілерін тексерді. Оның ішінде «Ғаббасов» қазандығы, Бозтаев көшесіндегі магистральдық жылу желісі, «401 квартал» орталық жылу пунктін аралады.

Облыс орталығындағы «Ғаббасов» қазандығын жөндеу жұмыстарына баса назар аударылған. Қазандықтағы жұмыстар белгіленген мерзімде, яғни 30 қыркүйекте аяқталады.

Сондай-ақ, «401 квартал» орталық жылу пунктін салу белгіленген кестеден артта қалып отыр. Аймақ басшысы жұмыс қарқынын жеделдетіп, жөндеу жұмыстарының барысын күн сайын қадағалап отыруды тапсырды.

«Тағы да қайталап айтамын, жөндеу жұмыстарының қарқынын арттырып, күнде қадағалау қажет. Осы бағытқа жауапты облыс әкімдігінің басқармалары, қалалар мен аудан бөлімдері жөнделіп жатқан нысандардың басында болып, күнделікті тексеріп отыруы керек. Барлық жұмыс уақытында аяқталуы қажет. Халық күтіп отыр», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетсек, Абай облысындағы жылу маусымына дайындық барысы бекітілген жоспарға сәйкес қатаң жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив