Alikhan Bokeikhan University-де «Отбасы құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Абай облысы дін мәселелері зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігі «Отбасы күні» форумы аясында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында Семей қаласы Alikhan Bokeikhan University-де дөңгелек үстел өткізді.
23-қыркүйек күні өткен жиынға Абай облысының «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі», «Діни бірлестік», «Отбасы орталығы қоғамдық қоры», Абай облысы «Ішкі істер органдарының жергілікті полиция басқармасы», Абай облысы «Бөбектер үйінің» мамандары, Қазақстан әйелдер күші альянсының мүшесі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» аға оқытушысы қатысты.
Отбасы салтының жағымды мысалдарын насихаттау, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды дамыту мақсатында өткен дөңгелек үстелде, отбасы мәселелері тақырыбында түрлі сұрақтар қозғалып, баяндамалар оқылды.