Абай облысында 50-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
Бүгін Үкімет отырысында Абай облысында орналасқан рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою мәселесі көтерілді.
Космомониторинг нәтижелеріне сәйкес облыс аумағында 50-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды. Оның 25-і Семей қаласында, 24-і Бородулиха ауданында және 2-і Жарма ауданында орналасқан. Бекітілген кестеге сәйкес аяқталу жұмыстары 2023 жылдың 30 қазанына дейінгі мерзімде жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 31 тамызындағы «Ғарыш Сапары» геопорталындағы деректер жаңартылып және қоқыс үйінділерінің саны 358 – ге дейін өсті. Олардың басым бөлігі Семей қаласында орналасқан (Бородулиха – 57, Бесқарағай – 16, Жарма-2).
Бүгінде 30 учаске санкцияланған қоқыс үйіндісі ретінде анықталып, 104 қоқыс үйіндісі жойылды, 224 - не жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Семей қаласындағы қоқыс үйінділерін жою үшін бюджеттен 107 млн теңге қосымша қаражат бөлінді.
Айта кетсек, қоқыстарды жою жұмыстары жалғасын тауып жатыр және 2023 жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.
Анықтама үшін: Биыл республикада 5 578 рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды. Абай облысында 50-ден астам қоқыс орны жойылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Осыған байланысты қоқыстың пайда болуына жол бермеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ішіне лицензиялау және хабарлау шарасы, қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, айыппұл салу шарасы кіреді.