Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай ауданында скринингтік зерттеулер жүргізіліп жатыр

28-09-2023, 15:23 Жұлдызай Кәкімова

Скринингтік зерттеулердің мақсаты – облыс тұрғындары арасында сапалы медициналық көмек көрсету және аурулардың алдын алу. Осыған орай, Абай аудандық ауруханасында халықтың мақсатты топтарының тізімін жасауда ауқымды жұмыстар жүргізілген.

Қазіргі таңда аудан тұрғындары арасында скринингтік зерттеу жүргізу қарқынды іске асырылып жатыр. Аудандағы медициналық кешенде 4899 тексеру жүргізу жоспарланған. Бүгінде ересектер арасында 4128, балалар арасында 486 тексеру жүргізілді. Сондай-ақ 4 076 диагностикалық тексеру жасалды, оның ішінде 1 866 лабораториялық талдау.

 Онкоскрининг нәтижелері:

 Сүт безінің қатерлі ісігі: жоспарланған - 737, скринингтен өткені 705, бұл 95,6%;

Жатыр мойнының қатерлі ісігі: жоспарланған - 536, скринингтен өткені 410, бұл 76,5%;

Тік ішектің қатерлі ісігі: жоспарланған - 758, скринингтен өткені - 635, бұл 83,7%;

Қантты диабет: жоспарланған - 1021, өткені - 795, 77,8%;

Көз аурулары: жоспарланған - 1021, өткені - 795, 77,8% құрайды.

Сонымен қатар, 3898 балаға скринингтен өту жоспарланса, оның 3190-ы (81%) тексеруден өткен. 18-70 жас аралығындағы азаматтарға да профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Биыл 1900 тексеру өткізу жоспарланған болса, қазіргі таңда 1098 азамат (57%) медициналық скринингтен өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив