Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Жақында Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік қолданысқа беріледі

4-10-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінде Семей қаласында заман талабына сай бірнеше қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес, абаттандыру жаяу жүргіншілер аллеясын, балалар ойын және спорт алаңдарын, демалыс және фудкорт аймақтарын салуды көздейді.

Бүгінгі таңда Жамақаев пен Мәңгілік ел көшесіндегі қоғамдық кеңістік аумағын жарықтандыру, спорт және балалар алаңдары мен амфитеатрды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Шағын архитектуралық формаларды қою жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, қаланың шеткері аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Восточный кентіндегі Декоративная көшесін абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл көше 3 учаскеге бөлінген, онда жобада балалар мен спорт алаңдарын, футбол және баскетбол алаңдарын орнату көзделген. Бобровка және Мұрат саяжай алаптарының аумағында балалар, спорт алаңдары, футбол алаңы мен демалыс аймағының негізін салу және орнату жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив