Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Абай ауданы жылу беру маусымына дайын

5-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданында жылыту маусымына барлығы 24 480 тонна көмір қажет.

Ауданда бюджеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандарға қарасты қыс маусымына әзірлік барысында қамтылған 34 нысан бар, оның ішінде 22 жылу қазандығы қатты отынмен жылынады. Қысқы маусымға дайындық барысында қажетті отын түрлері мен жылыту қазандықтарының жағдайы тексерілді.

2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына бюджеттік мекемелер мен әлеуметтік нысанға қатты отын сатып алу үшін қаражат қарастырылған.

Сондай-ақ, Абай ауданында 13 бюджеттік мекеме резервтік электр көзімен қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау саласында – 3 (Қасқабұлақ, Құндызды, Қарауыл ауылының орталық емханасы), білім беру – 8 (Мамай, Шәкәрім, Әуезов, Бекбосынов, Әбенов, Тоқжігітов, Медеу, Абай атындағы мамандандырылған мектеп интернат) және мәдениет – 2 (Қарауыл, Саржал, ауылдық клуб үйлері) мекеме.

Орталық жылу желісінің ұзындығы 8 шақырымды құрайды. 2023 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 1,6 шақырым жылу құбыры жөнделеді. Бүгінде жобаға түзетулер енгізіліп жатыр. Мердігер «Алан Констракшон» ЖШС ұйымы. Құрылыс жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив