Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Нұрбол Нұрсағатов Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Т. В. Нагендра Прасадпен кездесті

9-10-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі доктор Т. В. Нагендра Прасадпен кездесті. 

Кездесу барысында Үндістан мен Қазақстан арасындағы байланыс, оның ішінде Семей қаласындағы үндістандық студенттердің жоғары білімі туралы сөз қозғалды.

“Қазіргі таңда Семей қаласының Медициналық университетінде 500-ден астам үндістандық студент білім алуда. Біздің де студенттер Үндістан еліне үнемі тәжірбие алмасуға барып тұрады”,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов. 

Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 елдің елшілерін қабылдап, “Сенім” грамоталарын тапсырған болатын. Оның ішінде Нагендра Прасад та бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив