Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысында білім бөлімінің мамандарына арналған семинар-тренинг өтті

12-10-2023, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында алғаш рет «Мемлекеттік мекеме мен БАҚ арасындағы тиімді байланыс: жаңа медиа ресурстар» тақырыбында мамандардың кәсіби қызметін жетілдіруге және тәжірибелік дағдыларды дамытуға бағытталған семинар-тренинг өтті.

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің БАҚ-пен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлері ішкі және сыртқы коммуникациялар, баспасөз қызметіне қажетті әлеуметтік желілердегі имиджді қалыптастыру, БАҚ-пен өзара әрекеттесу ерекшеліктері, желіде коммуникацияларды орнатудың тиімді әдістері жайында талқылады.

Семинар барысында қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстағы заманауи әдістемелер ұсынылды. Атырау және Түркістан облыстарынан арнайы келген спикерлер өз тәжірибелері мен білімдерін ортаға салды. Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова баспасөз қызметіндегі дағдарысқа қарсы коммункацияға кеңінен тоқталса, Түркістан облысының білім басқармасының баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек басқарма мен телеарнадағы байланыс, БАҚ өкілдерімен бірлескен жобаны құру жолдарын тарқатып айтты.

Абай облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Берік Хасенов спикерлер мен тренингке қатысушыларға алғыс хат пен сертификаттар табыстады.

Шараға аудандық, қалалық білім бөлімдері мен колледждерден 35-ке жуық маман жиналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив