Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Бесқарағай ауданында «Ғашықтар» саябағы ашылды

13-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданы орталығының Мұхтар Әуезов көшесінің бойында жаңа  «Ғашықтар» саябағы ашылды.

Саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 440 шаршы метр жерге қоршау орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолына терек ағашы мен 10 көк шырша көшеті отырғызылды.

Алаңда көпір мен жүрек түріндегі шағын архитектуралық пішін, сәндік орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Сондай-ақ, саябақ қуаты 150 Вт болатын 6 шаммен жарықтандырылған.

Жаңа «Ғашықтар» саябағының ашылуында жастар некесін қиды. Ал оларға жақында ғана «алтын тойын» тойлаған Жетіжар ауылының құрметті азаматтары ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив