Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
478.54 533.76 5.17

Беген ауылында шағын футбол алаңы ашылды

19-10-2023, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданы Беген ауылында жаңа шағын футбол алаңының салтанатты ашылуы ұйымдастырылып, жас спортшыларға арнайы жабдықтар сыйға тартылды.

Шара барысында шағын футболдан турнир өтіп, ауданның жас ойыншылары өздерінің шеберліктерін көрсетті.

Айта кетсек, жақын арада Долон ауылдық округінде жаңа футбол алаңының құрылысы аяқталды. Алаңның ресми ашылуы 29 қазанға жоспарланған.

Сондай-ақ, Бесқарағай ауданында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданның 9 елді мекенінде ауылдық клубты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, Беген, Глуховка ауылында жаңадан ауылдық клуб салу жоспарланған.

Анықтама үшін: Бесқарағай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, спорт залы, футбол, воркаут алаңдарын қосқанда жалпы 35 спорт нысан бар. 2024 жылы ауылда жүзу бассейн ғимаратының құрылысы басталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив