Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Семейдің тарихи өлкетану мұражайына 140 жыл

20-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семейдің тарихи-өлкетану музейінің 140 жылдығына орай «Семей-Ертіс өңірінің археологиялық мұрасы, этнографиясы және музейі ісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға еліміздің әр өңірінен келген және шетелдік ғалымдар, өлкетанушылар, археологтар, музей мамандары қатысты.

Профессорлар мен ғалымдар тас дәуірінен бастап Ертіс-Семей өңіріндегі археологиялық ескерткіштер мен олардың тарихи маңызы туралы баяндамалар оқып, облыс археологиясын дамыту жайлы ұсыныстарын жеткізді.

Конференция Әлихан Бөкейхан университетінің бас ғимаратында өтті және екінші бөлімінде «Музей ісіндегі ғылымды дамыту» дөңгелек үстелімен жалғасты.

Шара соңында қатысушы ғалымдар «Музейге қосқан үлесі үшін» медальдары табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив