Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай өңірінде Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету мен оңалту жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

23-10-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүйесін дамыту: инновациялық тәсілдер» атты республикалық семинар-кеңес өтіп жатыр.

Оған еліміздің барлық өңірлерінен 130 қатысушы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтарының өкілдері арнайы келген.

Семинардың мақсаты – ҚР әлеуметтік Кодексін іске асыру аясында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту, құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жүйелерін дамыту перспективаларын анықтау.

Кездесуде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында жаңа әзірленген жобалардың әлеуеті қарастырылады.

Сондай-ақ, қатысушыларға БҰҰДБ-ның оқу пәтерлерін құру жобасының нәтижесі және «Инклюзивті қала» типтік даму бағдарламасы ұсынылды.

Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың толыққанды өмір сүруі мен қоғамға араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті.

«Облыста бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық облыстық медициналық-әлеуметтік орталықтарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық базасы жаңартылды. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады. «Абай облысын 2024-2025 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспары аясында Семей қаласы мен Аягөз ауданында 150 орындық балалар орталығын салу жоспарланған», - деді Жасұлан Сәрсебаев.

Сондай-ақ, ҚР Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай қатысушылар үшін салтанатты шара ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив