Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Семейде кітапханашылар күні аталып өтті

23-10-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қалалық кітапханада кітапханашылар күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, бірқатар кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

"Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өйткені, өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа да ғылым кереметтері осы кітапхана қорынан табылады. Сіздерге зор денсаулық, кәсіби шеберлік пен парасаттылық, руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін", - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, облыс бойынша 137 кітапхана, оның 15 Семейде. Кітап қоры Абай облысы бойынша 2387312, оның ішінде қалада 790554. Облыс бойынша қызметкерлер саны 307 , оның ішінде Семейде 117.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив