Семейде студенттер арасында «Ұшқын» әдебиетшілер байқауы өтті
Семей қаласында Республика күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде студенттер арасында Семей жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Ұшқын” әдебиетшілер байқауы өтті. Байқауға 60-тан астам қатысушы қатысты.
«Аталмыш іс-шара Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің арнайы тапсырысымен өтіп отыр. Республика күніне орай кең ауқымда ұйымдастырылды. Екі кезеңнен мүдірмей өткен жеңімпаздарға қаржылай сыйлығымыз бар. «Ұшқын» байқауы ертеңде өз жалғасын табатын болады. «TalqyLike оқырмандар алаңы» деген өзіміздің арнайы жобамыз бар. Біз Ақберен Елгезектің -«Болмаған балалық шақ» кітабын оқуға берген болатынбыз. Сол бойынша ертең пікір алмасатын боламыз», - деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының директорының міндетін атқарушы Ерсінбек Өрлеубек.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әдебиетшілер өзіне берілген мақалдың мағынасын ашты. Екінші кезеңде «Туған жер», «Отан» тақырыптарында және еркін тақырыпта өз арнауларын қазылар алқасы мен көрермен назарына ұсынды.
Байқау қорытындысы ретінде барлық қатысушыларға марапаттау қағаздары табысталды. Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар үлестірілді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіПедагог – сарапшы Нұрланова Айгерім Қуандыққызымен сұхбатShakarim University ректоры Думан Орынбековпен сұхбатСайлау қорытындысы: Семей қалалық мәслихатына кімдер өтті?