Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Облыс әкімі Еңбек ардагеріне «Құрмет» орденін табыстады

28-10-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

98 жастағы облыс тұрғыны Әбдеш Имаханов салтанатты іс-шараға қатыса алмағандықтан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев еңбек ардагерінің үйіне арнайы келіп құттықтап, «Құрмет» орденін табыстады.

Әбдеш Имаханов өзінің бар ғұмырын туған өңірін көркейтуге арнады. 1970-1978 жылдар аралығында ауылдық кеңесті басқарып, ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Еділбай қойының тұқымын жаңғырту бағытында үлкен жұмыс атқарды. Осы саладағы жетістіктерінің арқасында совхозға «асыл тұқымды мал өсіргені» үшін сертификатпен берілді. 2002 жылы Әбдеш Имаханов Қасқабұлақ ауылдық округіндегі «Шиліөзек» учаскесінде «Әбдеш ата» атты жеке шаруа қожалығын құрды.

Ақсақалдың жеткен жетістігі ауыл шаруашылығындағы қажырлы еңбегімен ғана шектелмейді. Әбдеш Имаханов өзінің көпбалалы отбасымен мақтанады. Ардагер 10 бала өсіріп, бүгінде 37 немере, 24 шөбере сүйіп отыр. Еңбек ардагерінің отбасылық құндылықты дәріптеуі және қоғам өміріне белсене араласуы болашақ ұрпаққа үлгі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив