Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысының әкімі Айбек Бекбосыновты қабылдады

30-10-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және ҚР сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын Президенттің қолынан иеленген Айбек Бекбосыновты Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы қабылдап, марапатымен құттықтады.

«Алаш ұраны», «Елбасы толғауы», «Саржал», «Мәңгілік», «Шәкәрім», «Тарбағатай», «Қорғалжың», «Дала» сынды халыққа кең тараған күйлердің авторы бұл жетістікке халықтың қолдауының арқасында жеткенін айтты.

Кездесу барысында бүгінде Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония директоры Айбек Бекбосынов мекеменің атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив