Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі талқыланды

30-10-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстық Достық үйімен бірлесіп, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы, білім басқармасының және этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.

Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие азаматтық тұлғаны қалыптастырудағы негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Ғылыми-әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Айдар Абдухамитовтың айтуынша, барлық мектептер мен колледждерде ерікті клубтар жұмыс істейді, оларға жемқорлыққа бей-жай қарамайтын жастар кіре алады.

«Бүгінде 35 мың оқушы мен 2800 студент клуб мүшесі атанған. Әр оқу орнында адалдық пен турашылдық идеясын насихаттауға бағытталған іс-шараларды қамтитын бағдарлама әзірленді», - деп толықтырды ол.

Өңірде 51 этномәдени бірлестік бар. Спикерлердің айтуынша, барлығының міндеті мен мақсаты ортақ, ол – парасатты және әділ ұрпақ қалыптастыру.

Мемлекеттік қызметте 25 жылдан астам жұмыс істеген облыстық Достық үйінің директоры Надежда Шарова адалдық пен парасаттылық сияқты қасиеттер отбасында дәріптелуі керек екенін атап өтті. «Балаларға осындай қасиеттерді сіңіру үшін әр ата-ана өзінен бастауы тиіс. Аға буын мұны ісімен дәлелдеуі керек», – деді ол.

Өз кезегінде, аумақтық департамент басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары мен жаңа бастамалар туралы айтып, іс-шараға қатысушыларды өзара ынтымақтастыққа шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив