Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасына Шәкәрім университеті қолдау көрсетті

30-10-2023, 17:26 018.kz

Бұл туралы департамент басшылығының университет білім алушыларымен өткен кездесуінде белгілі болды.

Жиын барысында студенттер өздері туып-өскен өлкелерінің өзекті проблемалары туралы сөз қозғап, жобаның шарты мен мақсаты, оған тіркелу тәртібі турасында қойған сұрақтарына жауап алды.

«Университетіміздің студенттері өте белсенді әрі бастамашыл. Оқу орнында бірнеше бағытта жұмыс атқаратын Студенттік парламент жұмыс істеуде. Оның ішінде волонтерлік қызмет де жолға қойылған» - деді университеттің аппарат басшысы Серік Тұрдин.

Өз кезегінде, аумақтық департамент басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының іске асырылу барысы мен заңнамадағы новелаллар туралы айтып өтті.

Жиын соңында Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау орталығының Абай облыстық филиалының басшысы Серік Байғалиев жастарға білімге ден қойып, алдағы сессия, емтихандарда оңай жол іздемей, өз еңбектерімен өтуге кеңес берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив