Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысының ауылдарында балабақша саны артып келеді

31-10-2023, 09:00 018.kz

Абай облысы Көкпекті ауданы Преображенка ауылындағы «Өрнек» жеке балабақшасының жаңа тобына арналған ғимарат ашылды.

Бұл жекеменшік балабақша өз қызметін 2013 жылы бастап, алғашында тек 40 баланы қабылдады. Бүгінде тәрбиеленуші саны 60-қа жетіп, мекемеде 21 қызметкер жұмыс істейді.

2023 жылдың мамыр айында балабақша жанынан қосымша ғимараттың құрылысы басталды. Қазіргі таңда барлық жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл Преображенка ауылындағы тағы 20 баланы жекеменшік балабақшаға қабылдауға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, ауданда 2023 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету мақсатында 3 мектепте шағын орталық ашылды. Сондай-ақ, Ажа және Толағай ауылындағы мектеп жанынан 2 шағын орталық ашу жоспарланған.

Бұдан бөлек, 2024 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында құрылыс салушының қаражатына Көкпекті ауылында 240 орындық жеке балабақшаның құрылысы басталады. Бұл шаралар өңірдегі балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуына көмектеседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив