Абай гарнизонына жас толым келуде
Күзгі шақыру науқанына байланысты 44736 әскери бөліміне мерзімді қызметін өтеуге Ақмола облысынан жас толым келді.
Келген жас сарбаздарға қызметін өткеретін әскери бөлімнің жауынгерлік жолы, жиын әкімшілігі таныстырылды.
Әскери бөлімде мерзімді қызметін өткеруге бүкіл жағдай жасалған. Жас сарбаздардың әскери өмірге бейімделу кезеңі тәжірибелі офицерлер мен білікті сержанттардың қарамағында өтеді. Басында сарбаздар әскери тәртіпке бейімделіп, әскери істің негіздерімен танысады. Бір айға жуық уақытта әскери істің негіздері бағдарламасын толық меңгерген сарбаздар әскери ант қабылдау рәсімін өткізеді.
- Әрбір ер – азамат Отан алдындағы қасиетті борышын өтеу керек. Біздің аталарымыз бен әкелерімізде мерзімді қызметтерін атқарған, енді бізге де сол кезек келіпті, - дейді 44736 әскери бөлімінің жас сарбазы қатардағы жауынгер Әділ Айтбаев.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіАягөзде жас сарбаздар әскери ант қабылдадыӘуе қорғанысы күштерінің жас жауынгерлері ант бердіАбай гарнизоны жас сарбаздармен толықты