Абай ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды
Қарауыл ауылында Жалпы орта білім беретін мектебінің сол жақ қанатында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ашылуы өтті.
Кабинет талапқа сай балалардың қажеттілігіне қарай толық жабдықталған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдері тәрбиелеу және түзеп-оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеуге мүмкіндік беретін аппараттар мен құралдар алынды. Сөйлеу, тыныс алу, ұсақ мотрикасын дамытуға арналған құралдар, модульдік массаж төсеніші, құм анимацияларына арналған жинақ, тыныс алу тренажері, т.б. жадбықтармен қамтылды.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде диагностика, түзете-дамыта оқыту, ата-аналарға кеңес беру, оқу – әдістемелік негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізіледі.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, логопед-дефектолог, ЕДШ және ритмика, психолог, монтессори мен әлеуметтік педагог кабинеттері жұмсалды.
Бүгінгі күні ерекше білім беруді қажет ететін тізімдегі 4-18 жас аралығындағы балаларға монтессори, логопед-дефектолог, педагог-психолог, емдік-денешынықтыру, музыкалық-ырғақ және әлеуметтік педогог кабинеттері ашылып, жоғары білімді 9 маман жұмыс істейді. Мамандар бекітілген кестеге сәйкес балаларды қабылдап, дамыту жұмыстарын жүргізеді. Мекеме 50 балаға арналған. Қазіргі уақытта 37 бала қабылданып отыр.