Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Сенбі күні Семей қаласында 1000- нан астам ағаш көшеттері отырғызылады

6-10-2023, 17:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бұдан бұрын 9 қыркүйек пен 9 қазан аралығында экологиялық тазалық науқаны жарияланған болатын. Акция аясында 1000 шаршы метрге жуық қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына шығарылды. Ертең экологиялық айлық шеңберінде соңғы сенбілік өтеді. Сенбілік аясында қаланың әртүрлі бөліктерінде 1000-нан астам көшеттер отырғызылады. Атап айтқанда, үйеңгі тал, емен алма ағашы, шырша, бөртегүл, бөріқарақат, майқарағай және т.б ағаш түрлері отырғызылады. Барлық қала тұрғындарын сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар, #ТазаСемей2023 байқауы жалғасып жатқандығын еске сала кетейік. Апта сайынғы сенбіліктерге қатысушылар бір ай ішінде Instagram әлеуметтік желісіндегі өз аккаунттарында көрсетілген хэштегті пайдаланып, @semey_akimdigi әкімдігінің ресми аккаунтын белгілеп, сол арқылы бағалы сыйлықтардың иегері бола алады. Ол үшін шығармашылық фотосуреттер мен бейнематериалдарды жариялау қажет. Байқау жеңімпаздарын таңдау кезінде қатысушылардың материалын ұсыну идеясы ғана емес, түсірілім кезінде сүйікті қаланың тазалығына белсенді үлесін көрсету қажет (мысалы, жиналған қоқыс мөлшерін, жиналған аумақты және т.б. көрсету). Байқау жеңімпаздарын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Нәтиже 9 қазан жарияланады. Байқауға қатысып, ақшалай сыйлықтардың иегері атаныңыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив