Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қала әкімі Қазақстан Республикасының Ұлттық пауэрлифтинг федерациясының өкілін қабылдады

12-10-2023, 11:27 Думан Кенжеғазыұлы

Нұрбол Нұрсағатов қалалық әкімдік ғимаратында пауэрлифтинг федерациясының өкілдерін қабылдады. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 3-11 қазаны аралығында Семей қаласында пауэрлифтинг және стендтік зіл темірді көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Пауэрлифтинг қазіргі таңда белсенді дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі (күштік сайыс). ҚР Ұлттық пауэрлифтинг федерациясының өкілі Семей қаласында өткізілетін пауэрлифтинг бойынша жарыстарды қолдағаны үшін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа кездесу барысында "Алғыс хат" табыс етті. 

"Қазіргі таңда қаламызда 500-ден астам спортшы пауэрлифтингпен айналысады. Қала күнін мерекелеу аясында түрлі байқаулар өткізілді. Мен өз басым семейліктердің осындай маңызды әрі қызықты спорт түрімен белсенді шұғылданатынына қуаныштымын. Және аталмыш спорт түрін әрқашан қолдауға дайынмын", - деді Нұрбол Нұрсағатов. 

Айта кетейік, пауэрлифтингті дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаламызда дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп қалалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды белсенді түрде өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив