Cемей34°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
474.83 515.38 5.5

Shakarim University: күміс университет жаңа кезеңін бастауда

14-11-2023, 12:46 Сабина Әлібек

Қазіргі таңда ЖОО тек формалды білім берумен шектелмей, миссияларын кеңейтуде, себебі бүгінгі күнде өмір бойы оқу идеясы өте өзекті. Осы бағытта Шәкәрім университеті 2021 жылдан бастап «Күміс университет» жобасын табысты жүзеге асырып келеді. Бүгінге дейін Күміс университетте тілдік курстар, цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық негіздері, психологиялық саулық, музыка және дизайн, денсаулық пен қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық, ветеринария және агроменеджмент секілді курстарға 200-ге жуық тыңдаушылар қатысты.

Ал, жаңа маусымдағы фитнес, йога, медитация және би курстарына деген қызығушылық өте жоғары.

«Жаңа маусым ерекшелігі «Күміс университет» жобасына студенттер тарапынан қызығушылық танытып, өз курстарын ұсынушылар саны артуда, солардың бірі «Химия» ББ студенті Айтқалиева Нұрай. Біз студенттердің осындай бастамаларын қолдаймыз, себебі жастарды егде жастағы адамдардың білім алуына тарту оң әсер ететіні анық. Аға ұрпақтарымыз біздің назарымыз бен құрметімізге лайық, ал жастарымыз көптеген қиындықтар мен сынақтардан өткен адамдармен қарым-қатынаста болу арқылы, рухани дамиды, тәжірибе алмасады. Сондықтан, өзара байытатын қоғамдастықты құра отырып, әрбір адамның білім алуға мүмкіндігі болуы үшін осындай жобаларды дамыту және қолдауды жалғастыру маңызды», - деді Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков.

Күміс университеті - бұл егде жастағы адамдармен жұмыс істеудің жаңа түрі, оның ішінде білім беру және оқу курстарын, шығармашылық шеберханаларды, әртүрлі бағдарламалар бойынша курстық оқытуды ұйымдастыру жүргізіледі. Аталған жоба белсенді өмір сүруді ұзартуға, ұрпақтар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуға, әр адамның жасына қарамастан өз әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау арқылы қоғамда маңызды рөл атқарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив