Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Қала мен аудан әкімдері тікелей эфирде сауалдарға жауап береді

17-11-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Осы жылдың 13 қарашадан бастап Абай облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциялары басталды.

Брифингте әкімдер жыл бойы атқарылған іс-шаралардың нәтижелерімен бөлісіп қана қоймай, алда жүзеге асырылатын жобалар жайлы баяндап, БАҚ өкілдері мен тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Бұған дейін Абай, Аягөз, Бесқарағай ауданының әкімдері сұрақтарға жауап берсе, енді алдағы уақытта:

17 қараша, 11:00 - Ақсуат ауданының әкімі Асхат Смайылов;

21 қараша, 11:00 – Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев;

22 қараша, 11:00 - Үржар ауданы әкімінің м.а. Ақылбек Башимбаев;

23 қараша, 11:00 – Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев;

24 қараша, 11:00 – Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов келеді деп жоспарланған.

Айта кетсек, әкімдердің баспасөз конференциясына жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатыса алады. Тікелей эфир Instagram желісінде көрсетіледі.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей эфирде қойып, жауап алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін сілтемеге өту керек: https://www.instagram.com/rsk_abai?igshid=OGQ5ZDc2ODk2ZA%3D%3D

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив