Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

Абай облысының әкімі азаматтарды қабылдады

17-11-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдау өткізді. Облыс тұрғындары тұрғын үй алу, кәсіпкерлікті дамыту, аулаларды абаттандыру, денсаулық, әлеуметтік көмек, мемлекеттік гранттар алу, сондай-ақ жер қатынастарына қатысты мәселелерді көтерді.

Қабылдау барысында азаматтардың әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, денсаулық және т.б. салаларға қатысты өтініштерін, сауалдарына сол жерге келген басқарма басшылары жан-жақты жауап берді.

Сонымен қатар, қала тұрғыны Қуаныш Жеңісов Абай облысының көрші аймақтармен шектесетін шекарадағы күрежолдардың бойына және облыс орталығының кіре беріс жолдарына «арка» орнату мәселесін көтерді. Ол тіпті өзінің эскиздері мен жұмыстарын ұсынып, көрсетті.

«Қазір осы мәселеге қатысты облыстық сәулетшілер бірлестігі байқау жариялап жатыр. Оған барлық адамдар қатыса алады. Келіп түскен жұмыстардың арасынан облыс тұрғындары өздеріне ұнаған эскизге дауыс беріп, үздік жұмысты таңдайды. Сол байқауға өз жұмыстарыңызды беруге кеңес беремін», — деді Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысының әкімі тұрғындардың көтерген мәселелерін қатысты басқармаларға тиісті тапсырмалар беріп, жеке бақылауына алды.

Еске салсақ, облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдауды апта сайын өткізеді. Қабылдауға жазылу бойынша кеңес алуға келесі байланыс телефоны арқылы: 8 (7222) 52 39 21 хабарласуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив