Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде «Student's life» атты мерекелік шара өтті

17-11-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласында Халықаралық студенттер күніне орай Семей қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Student's life» атты мерекелік шара өтті. 

Іс-шараға Жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарының студенттері, белсенді жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты - қаламыздағы студенттердің бос уақытын тиімді өткізу, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ, талантты жастарды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталды.

«Студенттердің бастамаларына қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіледі. Барша студенттер қауымын Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан ізденімпаз, көңілді және жігерлі болыңыздар. Өз күштеріңізге сеніп, қиындықтарды еңсере білсеңіздер жарқын болашаққа жол ашылады» - деп атап өтті Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Ерсінбек Өрлеубек.

Концерт барысында студенттер үшін ән айтылып, түрлі ойындар ойнатылды. Айта кетейік, аталған шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив