Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысында әлеуметтік-экономикалық даму бойынша оң серпін байқалады

23-11-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Жыл көлемінде, ай сайын, барлық индикаторлар бойынша тұрақты өсім сақталуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев хабарлады.

«Бүгінгі таңда өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 107,5% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 4,2%-ға өсіп, 426,2 млрд тенгені құрады. Құрылыс саласында өсім – 141,1%-ға, өнеркәсіпте – 106,3%-ға, ішкі саудада – 103%-ға, ауыл шаруашылығында – 101,7%-ға тіркелді. 233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2443 отбасы баспаналы болды», - деді спикер.

Өндіріс қарқыны әлеуметтік көрсеткіштерге де оң әсерін тигізді. Облыс бюджетінің өз кірістері 141%-ға өсіп, қазынаға 87,4 млрд теңге түсті. Биыл облыс бюджетінің көлемі 419,2 млрд теңгені құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив