Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленуде – облыс әкімі

23-11-2023, 13:20 Думан Кенжеғазыұлы

Сонымен қатар Семейге қарасты 32 елді мекеннің басын қосып, дербес Жаңасемей ауданына біріктіру және Мақаншы ауданын қайта бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қаланың кескін-келбетін жақсарту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында да жұмыстар үздіксіз атқарылып жатқанын атап өтті. 

«Көпқабатты үйлердің 70-ке жуық ауласы абаттандырылды, 41 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жөндеуден өтті. 9 үйге муралдар салынды. Жамақаев, Мәңгілік ел көшелері бойымен жаяу жүргіншілер жолы, тұтастай қоғамдық кеңістіктер құрылды. Аспалы көпір астында, «көпірасты кеңістіктер» пайдалануға берілді. Этно-ауыл құрылысы жүріп жатыр. Жоласты өткелдері жөнделді. Жылы аялдамалар орнатылып келеді. Келер жылы Ертіс өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі мен Бейбітшілік аралында балалар теміржолын салуды көздеп отырмыз», - деді облыс басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив