Семейде «Дін және халықтық дәстүрлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2023 жылдың 24 қарашасында «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Салауат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дін және халықтық дәстүрлер» тақырыбында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде дөңгелек үстел өтті.
Шара ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Сабалакова Алуа Укошқызының модераторлығымен жүргізілді. Шара барысында: М.С. Нәрікбаев атындагы KAZGUU University «Ислам құқығы» орталығының басшысы, теолог Асқар Қалымжанұлы Сабдин «Ислам құқығының радикализмнің алдын алудағы рөлі» тақырыбында, теология ғылымдарының магистрі Бауыржан Таубекұлы «Салафиттік ағымның тармақтары» тақырыбында, Erudit білім беру орталығының директоры, гуманитарлық ғылымдар магистрі Айдын Қайырбекұлы «Дін және дәстүр» тақырыбында баяндама оқыды.
Аталған іс-шараға ҚАЖД қызметкерлері, Абай облыстық ақпараттық түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері, білім бөлімі, білім басқармасы, құқық қорғау органдары өкілдері, жастар ресурстық орталығы, Семей қаласы ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, Alikhan Bokeikhan және Шәкәрім атындағы университеттерінің, Семей медицина университетінің мамандары, Діни бірлестік өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық белсенділікті дамыту және қоғамның тұрақтылығын нығайту. Діни экстремизм, терроризмнің себеп-салдары және оның алдын алу.