Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Семейде стихиялық қоқыс үйінділерін жою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді

8-11-2023, 12:51 018.kz

Көктем маусымында "Ғарыш сапары" космомониторинг мәліметінше Семейде стихиялық полигондардың саны 283-ті құрады. Оның 39-ы Семей қаласына қарасты ауылдық округтерде. Ауылдық округтердің әкімдері мен әкімдік бөлімдеріне стихиялық қоқыс үйінділерін әкетуді және жоюды ұйымдастыру үшін учаскелер бекітілді.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасындағы жағдай бойынша қала бойынша 244 учаскі мен ауылдық округтер бойынша 39 учаскі қоқыстан тазартылды.

Айта кетейік, қоқысты рұқсат етілмеген орындарға шығаруға жол бермеу мақсатында Семей қаласының полиция басқармасымен бірлесіп "Сергек" бейнебақылау камералары арқылы қоқысты рұқсатсыз шығару фактілерін анықтау бойынша мобильді патруль жұмысы ұйымдастырылды.

2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтың 3463 жағдайы анықталды. 1 млн 945 мың теңге сомасына 25 әкімшілік айыппұл салынды.

Алдағы уақытта қала аумағынан стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив