Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

5-12-2023, 11:43 018.kz

Абай облысы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Жақыпова Анар Аманжолқызы тағайындалды. 1977 жылы 11 қаңтар күні Ақмола облысында дүниеге келген. 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.

2000-2002 жылдар аралығында Анар Аманжолқызы Жақсы аудандық сотының сот хатшысы қызметін атқарды. 2003 жылдан 2005 жылға дейін Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментінде жауапты басшылық лауазымдарды атқарды. 2012-2022 жылдар аралығында Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін ол «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің Қала құрылысын жоспарлауды үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив