Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Ақсуат ауданына қарасты ауылдарда су желісі тартылып жатыр

6-12-2023, 17:26 018.kz

Облыс тұрғындарын орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 3 ауылға су құбыры желісі тартылып жатыр.

Жобаға сәйкес 81 тұрғын үйдің іргесіне дейін су құбыры тартылды. Оның ішінде 4,9 шаршы метр магистральдық, 1,9 шаршы метр үйге дейінгі су құбыры. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Ауызсу жүргізу жобасы аясында Көктүбек ауылының 73 тұрғын үйіне және Серіктес ауылындағы 22 тұрғын үйінің іргесіне дейін су құбыры жеткізілді.

Сондай-ақ мердігер «Уржар КМК-1» ЖШС ұйымы «Мәуліт» шаруа қожалығына 5 бағаналы электр желісін тартып жатыр. Қазір 75 бағана орнатылды. Жұмыстарды желтоқсан айының бірінші жартысында толық аяқтау жоспарланған.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив