Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысының ұстаздары «Үздік педагог - 2023» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

7-12-2023, 15:23 018.kz

Еліміз бойынша өткізілген «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығы бойынша үздік атанды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жеңімпаздарға салтанатты түрде марапаттарын табыстады.

Абай облысынан Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының информатика пәні мұғалімі Шынар Баяхметова және  №15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жадыра Толеуқоңыр республикалық байқау жеңімпаздары болып, «2023 жылдың үздік педагогі» атанды.

Жеңімпаздар «Үздік педагог» куәлігін, «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алды.

Айта кетейік, «Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Облысымыздан 6 педагог қатысып, екеуі жүлдемен оралды.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив