Облыс орталығында жылумен, сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппақ
Облыс орталығын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі әкімдіктің қатаң бақылауында. Жылу энергиясының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында белсенді шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, Семей қаласында екі жылу қазандығы қайта жаңғыртылып, жылу қуаты 40 Гкал артты. Алайда облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев халықпен кездесуінде атап өткендей, 85 Гкал тапшылық әлі де бар.
Сондай-ақ жылу желісінің тозуы да анықталып, биыл жалпы сомасы 24 млрд теңгеге оларды жөндеу және қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді. Жақын арада ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жаңа жылу электр орталығын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жоспарланған.
Бұдан бөлек 54 жобаны жүзеге асыруға 15,5 млрд теңге бөлініп, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыста таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 93,4% жетті, оның ішінде Шығыс кентінде және Абралы ауылында жобалар жүзеге асырылды.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі