Облыста «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтті
Форумға Абай облысындағы жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, белсенді жастар мен студенттік клуб мүшелері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың көрнекті жетістіктерін көру және тану, сонымен қатар өңірдегі өскелең ұрпақтың дарынды өкілдерін қолдау.
Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев 7 аталым бойынша үздік деп танылған жастарды салтанатты түрде марапаттады. Олардың ішінде:
Жыл волонтері:
Төлеутаев Нұрлан Талғатұлы,
Тәңірберген Дильназ Даниярқызы.
Жыл көшбасшысы:
Абдураимов Алиби Батыржанұлы.
Жылдың үздік жастар ұйымы:
«Абай Жомарт жастары»;
«Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ.
Жылдың жас еңбек адамы:
Әлихан Мират Қайырбекұлы,
Головнев Иван Сергеевич.
Жылдың жас таланты:
Жақанов Баян Бағдатұлы.
Жылдың жас отбасы:
Сағатбековтер отбасы.
Жылдың үздік жастар ресурстық орталығы:
Үржар ауданы,
Абай ауданы.
Айта кетсек, марапатқа 80-ге жуық қатысушы құжат өткізді. Нұрлан Ұранхаев жастардың зор жетістіктерін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жиын барысында би ұжымдары, вокалдық топ және «Вена балы - 2023» жеңімпаздары өнер көрсетті.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі