Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

МХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

16-02-2023, 13:57 Думан Кенжеғазыұлы

Автокөліктерді заңдастыру бойынша өтініштердің азаюына байланысты, Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесінің өзгергені туралы хабарлайды.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында МХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Осы қалаларда МХҚО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.

Орталықтар жаңа жұмыс кестесі бойынша 6 наурызға дейін жұмыс істейді. Өзгерістер бойынша қосымша хабарланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 23 қаңтарында елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Бұл қызмет 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін көрсетілетін болады. Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында автокөлікті заңдастыратын МХҚО-лардың мекенжайларының тізімі жарияланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив