Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Семейде халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

16-12-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Тәуелсіздік күні Семейде ел тәуелсіздігі тарихына үлес қосқан батырларды еске алды.

Тағзым шарасына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев, қоғам белсенділері, желтоқсан оқиғасының қатысушылары, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым және жастар өкілдері жиналды. 

Қатысушылар Тәуелсіздік жолында күресіп, желтоқсан оқиғасында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін мемлекеттік гимні шырқалды, сондай-ақ Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив