Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысында халықаралық байқау басталды

17-12-2023, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласында қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына арналған «Жалғыз арша» атты дәстүрлі әншілердің халықаралық байқауы басталды. 

Байқаудың мақсаты: Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуын атап өту, әншінің өмірі мен шығармашылығын, дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, дәстүрлі орындаушылардың шеберлігін шыңдау, жас таланттарды халыққа кеңінен таныту.

Халықаралық «Жалғыз арша» дәстүрлі әншілер байқауында еліміздің әр түкпірінен және жақын шетелдерден келген 49 орындаушы бақ сынайды. Ол екі кезеңнен тұрады. Оза шапқан дүлділдер Абай атындағы театрда өтетін Гала концертте өнер көрсетеді. 

Абай облысында өтіп жатқан халықаралық байқауға белгілі әншілер Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, Қазақстанның өнер қайраткері Амангелді Жікенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Айтбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек, ҚР мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев қазылық жасауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив