Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Інжу-маржан» байқауы еліміздің әр өңірінен келген 19 әншінің басын қосты

22-09-2023, 15:50 Еркежан Қуатқызы

Үржар ауданында белгілі әнші, ақын, сазгер Әсет Найманбайұлының шығармашылығына арналған «Інжу-маржан» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтіп жатыр. Байқауға әр қала мен ауданнан келген өнер өкілдері, облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, еңбек ардагерлері қатысып отыр.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Сайыста республиканың түкпір-түкпірінен келген 19 дәстүрлі әнші өз бақтарын сынайды. Олардың қатарында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ардақ Исатаева, Ерлан Рысқали, Берік Омаров, Нұржан Жампейісов пен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Нариман Әбдірахманов бар.

Іс-шара аясында әншінің ескерткішіне гүл қою рәсімі, Әсет Найманбайұлына арналған мұражайға экскурсия ұйымдастырылып, қонақтар сазгердің шығармашылық әлемімен танысып, оның өмірі мен мәдениетке қосқан үлесі туралы мағлұмат ала алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив