Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Антикор Абай облысындағы 1000-нан астам кәсіпкердің құқығын қорғады

28-12-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов айтты.

"Адал бизнесті жүргізуге тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді анықтау және жою мақсатында жыл басынан бері «Бизнеске жол» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда жоба аясында 1057 кәсіпкердің құқығы қорғалды", - деді Р. Тоқбергенов.

Оның сөзінше, бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексерулер тағайындауға, үй-жайларды жалға беру ақысын және коммуналдық қызметтер бойынша тарифтерді негізсіз көтеруге, сондай-ақ жер қатынастары саласында жасанды әкімшілік тосқауылдар жасауға қатысты.

Мәселен, кәсіпкер жер қойнауын пайдаланушылар санатына жатпайтынына қарамастан, Абай ауданының әкімдігі  одан сервитут орнатуды талап еткен. Департаменттің ұсынымы бойынша заңсыз қаулы күшін жойды.

Тағы бір бұзушылық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы тарапынан орын алған. Қызмет көрсету мерзімі төрт жұмыс күнін құрағанымен, кәсіпкерлер 6 ай бойы жер учаскелеріне мемлекеттік акт ала алмаған.

Антикор араласқаннан кейін жер пайдаланушы 2 кәсіпкерге тиісті құжаттар табысталды.

Спикер брифинг алаңын пайдалана отырып, аталған салада әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тап болған бизнес субъектілерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив