Семей қаласының әкімі Шығыс, Восход, Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесті
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шығыс, Восход, Водный кенттерінде 2022 жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, 2023 жылы жүзеге асыруды көздеп отырған жоспарларды баяндады. Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Семей қаласының облыс орталығы болуы - әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және коммуналдық дамуына оң әсерін тигізуде.
Кент тұрғындары алдында есеп берген Нұрбол Төлегенұлы қала тұрғындарын алаңдататын ең өзекті мәселелерге де тоқталды. Көбінесе тұрғындар қоғамдық көлік, ТКШ жұмысына шағымданып, әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді. «Восточный левый» саяжайының тұрғындары электр энергиясына төлейтін тарифтің қымбаттығына алаңдаушылық білдірді.
"Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін бүгінгі таңда құжаттаманы дайындау және конкурстық рәсімдерді өткізу үшін ақшалай қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізіледі",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМинистрлермен және әкімдермен кездесулер кезінде азаматтар 1,5 мыңнан астам проблемалық мәселені көтерді