Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

17-01-2024, 09:21 018.kz

Абай облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері, сондай-ақ өңірдегі проблемалық құрылыс және қайта құру жобалары қаралды.

Жиынға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов және басқарма басшылары қатысты.

Жиын барысында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасап, облыстағы құрылыс саласындағы проблемалық аспектілерді ұсынды.

«Бүгін өте маңызды талқылау болды. Аппаратқа үш күндік мерзім ішінде берілген тапсырмалар бойынша хаттама дайындауды тапсырамын. Тиісті хаттамалық тапсырмалар жауапты мемлекеттік органдарға жолданатын болады», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетсек, бұл бағыттағы жұмыс ары қарай да жалғасатын болады.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив