Семей қаласының су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары талқыланды
Қалалық әкімдік ғимаратында Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.
Жиынға , төтенше жағдайлар басқармасының басшысы А.Братаев, ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің командирі С.Мусаифов, «Ертіс бассеиндік инспекциясы» бөлімшесінің бастығы Е.Мадиев, «АЭС Шульбинская ГЭС»ЖШС басшылығы, қалалық коммуналдық мекемелер басшылары, қалалық әкімдік бөлімдерінің басшылары, мердігерлер, «Lider.kz» еріктілер қауымдастығының мүшесі және ауылдық округтердің әкімдері ZOOM платформасы арқылы қатысты. Отырыста 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне әзірлік барысы қаралды.
Жиын барысында берілген тапсырмалар арнайы хаттамаға бекітіліп қала әкімінің қатаң бақылауына алынды.